
Алматыда Жамақаев көшесінде орташа жөндеу жұмыстарына байланысты көлік қозғалысына уақытша шектеу енгізіледі, деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі.
16 мамыр сағат 06:00-ден 17 мамыр сағат 18:00-ге дейін Әзербаев көшесінен Әл-Фараби даңғылына дейінгі аралықта жол жабылады.
Жөнделіп жатқан учаскеде ескерту белгілері және мердігер ұйым басшысының байланыс ақпараты көрсетілген стендтер орнатылады. Қала тұрғындарынан маршруттарын алдын ала жоспарлау сұралады.
Жол қозғалысын шектеу туралы барлық ақпарат @AlmatyJoly Telegram-арнасында, әкімдіктің әлеуметтік желілерінде, сондай-ақ 2GIS және Яндекс Карталар сервистерінде жарияланған.
Дереккөз: Almaty.tv