...
... Алматы
USD
EUR
RUB

Алматы маңында итті атып өлтірді: куәгерлер «тапсырыспен өлтіру» деп мәлімдеді

Алматы облысында екі әйел итті атып өлтіруге адам шақырды деген күдік бар. Оқиға тұрғын үйлердің жанында болған, куәгерлер видео түсіріп, әлеуметтік желіге жариялаған. Видео авторының айтуынша, итті баланың көз алдында атып тастаған. Түсірілім кезінде тұрғындар арасында төбелес те болған. Ауыл тұрғындары итті білетіндерін және тамақтандырып жүргендерін айтады, деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі.

Zakon.kz тілшісі Алматы облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметіне хабарласып, жағдайды түсіндіруді сұраған. Полиция жануарларға қатыгездік танытқаны үшін қылмыстық іс қозғалғанын хабарлады. Куәгерлер мен айғақтар сұралып, оқиғаның мән-жайы зерттелуде.

Жүргізілген іс-шаралардың нәтижесі бойынша қолданыстағы заңнамаға сәйкес процессуалдық шешім қабылданады, – деді полиция өкілдері.

Ал Қытайда 56 такси жүргізушісі Сюаньчэн қаласының теміржол вокзалының маңында көлік қағып кеткен итті емдетуге ақша жинаған.

Дереккөз: Zakon.kz