...
... Алматы
USD
EUR
RUB

Алматыда тәулік ішінде жауын-шашынның жарты айлық нормасы түсті

Алматыда 10 мамыр сағат 11:00-ден 11 мамыр сағат 20:00-ге дейін 50,4 миллиметр жауын-шашын түсті, бұл мамыр айындағы 99 миллиметрлік норманың жартысынан астамы. Қатты жаңбырға байланысты қаланың коммуналдық және жедел қызметтері күшейтілген режимде жұмыс істеп жатыр, деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі.

Жергілікті су басулардың алдын алу және жою үшін коммуналдық қызметтердің жұмысы күшейтілді. Қосымша Алматы Құтқару қызметінің күштері ассенизаторлық техника және мотопомпалармен кезекшілікке шығарылды.

ТЖД мәліметінше, қолайсыз ауа райының салдарын жоюға 53 бірлік арнайы техника және 240 қызметкер жұмылдырылды. Қала инфрақұрылымының үздіксіз жұмысын қамтамасыз етуге барлығы 3 мыңнан астам жол жұмысшысы және 1,2 мыңнан астам бірлік арнайы техника қатысуда. Жедел әрекет ету үшін 2300 құм салынған қап дайындалды.

Синоптиктердің болжамынша, 12 мамырда Алматыда кей жерлерде жаңбыр мен найзағай сақталады. Жауын-шашын 13 мамырда тоқтайды деп күтілуде.

Дереккөз: Inalmaty.kz