
12 мамырдағы мәлімет бойынша, Алматыда 10 мамыр сағат 11:00-ден 11 мамыр сағат 20:00-ге дейін 50,4 мм жауын-шашын түсті, бұл мамыр айының айлық нормасының (99 мм) 51%-ын құрайды. Коммуналдық қызметтер күшейтілген режимде жұмыс істеп, жергілікті су басулардың алдын алу және жою шараларын қолға алды, деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі.
Қалалық коммуналдық инфрақұрылым және тұрғын үй инспекциясы басқармасының мәліметінше, Алматы қаласының Құтқару қызметінің күштері қосымша кезекшілік етіп, оларда ассенизаторлық машина және 15 мотопомпа бар. Төтенше жағдайлар департаменті тарапынан 53 бірлік арнайы техника мен 240 қызметкер жұмылдырылды.
Тәулік ішінде қала инфрақұрылымының үздіксіз жұмысын қамтамасыз ету үшін барлығы 3 080 жол жұмысшысы мен 1 225 бірлік арнайы техника жұмылдырылды. Жедел әрекет ету үшін 2 300 құм салынған қап дайындалды.
«Қосымша кезекшілікті Алматы қаласының Құтқару қызметінің күштері жүзеге асырады, олар ассенизаторлық машинамен және 15 мотопомпамен жабдықталған. Төтенше жағдайлар департаменті желісі бойынша 53 бірлік арнайы техника мен 240 қызметкер жұмылдырылды», — делінген хабарламада.
Синоптиктердің болжамынша, бүгін, 12 мамырда, қалада кей уақытта жаңбыр мен найзағай күтіледі, ал ертең, 13 мамырда, жауын-шашын тоқтайды. Қала тұрғындары мен қонақтарын сақтық шараларын сақтауға және коммуналдық қызметтердің жұмысын түсіністікпен қабылдауға шақырады.
Дереккөз: Nur.kz