
9 мамырда Астана, Алматы және Шымкентте жауын-шашын күтіледі, сонымен қатар ауа температурасы 30 градусқа дейін көтеріледі, деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі.
OpenWeather порталы жариялаған болжам бойынша, Алматыда күндіз аздаған жаңбыр жауады. Ауа температурасы 30 градусқа дейін көтеріліп, түнде +19 градусқа дейін төмендейді. Жел жылдамдығы 5,1 м/с болады.
Астанада да аздаған жаңбыр күтіледі. Күндіз ауа +27 градусқа дейін жылып, түнде +14 градусқа дейін салқындайды. Жел жылдамдығы 9,6 м/с жетеді.
Шымкентте жаңбыр жаууы мүмкін. Күндіз термометр бағандары 30 градусқа дейін көтеріліп, түнде +16 градусқа дейін төмендейді. Жел жылдамдығы 8,7 м/с болады.
Дереккөз: Nur.kz