...
... Алматы
USD
EUR
RUB

Қазақстанның екі қаласында ауа райы қолайсыз: Алматы мен Талдықорған тұрғындарына ескерту

9 мамырда Алматы, Талдықорған қалаларында ауа райының қолайсыз метеорологиялық жағдайлары күтіледі, деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі.

«Қазгидромет» мәліметінше, қолайсыз метеорологиялық жағдайлар (НМУ) – бұл қысқа мерзімді метеофакторлардың (тымық, әлсіз жел, тұман, инверсия) жиынтығы, олар зиянды заттардың атмосфераның жер бетіне жақын қабатында жиналуына ықпал етеді.

Мұндай кезде қала тұрғындарына ашық ауада, әсіресе автокөлік жолдарының немесе басқа да ластану көздерінің маңында болу уақытын қысқарту ұсынылады. Ал өкпенің созылмалы аурулары, жүрек-қан тамырлары, аллергиялық аурулары бар адамдар ашық ауада жүргенде қажетті дәрі-дәрмектерін өздерімен бірге алып жүруі керек.

Алматыдағы ауаның жағдайы туралы толығырақ: 19 «таза» күн 52 ластанған күнге қарсы – сілтеме бойынша оқыңыз.

Дереккөз: Zakon.kz