
Алматыда 9 мамыр күні Рысқұлбеков көшесінің бір бөлігі күні бойы көлік қозғалысына жабылады. Жол жөндеу жұмыстарына байланысты учаске 8:00-ден 23:00-ге дейін жабық болады, деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі.
Алматы қаласында Рысқұлбеков көшесінің Саин көшесінен Мустафин көшесіне дейінгі аралығында 9 мамырда уақытша шектеу енгізіледі. Жөнделіп жатқан учаскеде ескерту белгілері мен мердігер ұйым басшысының байланыс ақпараты жазылған стендтер орнатылады.
Маршрутыңызды алдын ала жоспарлауды сұраймыз, — делінген «Алматы жолы» хабарламасында.
Жол жөндеу схемасымен «Алматы жолы» Telegram-арнасынан танысуға болады.
Дереккөз: Nur.kz