...
... Алматы
USD
EUR
RUB

Алматыда сталкинг фактісі анықталып, күдікті ұсталды

Қазақстанда сталкинг үшін қылмыстық жауапкершілік енгізілгеннен кейін полиция азаматтарды қудалаудан қорғау бойынша нақты шаралар қолданып жатыр, деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі.

Бір жағдайда қала тұрғыны өзінің бұрынғы күйеуі тарапынан қудалауға ұшырағаны туралы полицияға арызданған. Полиция қызметкерлері дереу шара қолданып, қылмыстық іс қозғады. Тергеу барысында құқыққа қайшы әрекеттерді растайтын дәлелдер жиналды. Күдікті жедел ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Іс материалдары сотқа жолданды. Сот шешімімен ер адамға 100 сағат қоғамдық жұмыс жасау және пробациялық бақылауға қою түріндегі жаза тағайындалды. Жәбірленуші өз өтінішінде полиция қызметкерлерінің кәсібилігі мен жеделдігін атап өтті.

Полицияның уақтылы әрекетінің арқасында қудалауды тоқтатып, өміріме тыныштық орнату мүмкін болды, — делінген жәбірленушінің өтінішінде.

Жеке қауіпсіздік пен азаматтардың психологиялық жағдайын бұзатын қудалаудың кез келген түрі қатаң құқықтық баға алады. Полиция дереу әрекет етіп, азаматтардың құқықтарын қорғау үшін барлық шараларды қабылдайды, — деді Медеу ауданы ПБ бастығы Елдос Бакбергенов.

Дереккөз: Almaty.tv