...
... Алматы
USD
EUR
RUB

Алматыда тарихшы Тілеу Күлбаевты еске алу форумы өтті: ғалымның 20 монографиясы талқыланды

Алматыда тарихшы Тілеу Күлбаевқа арналған форум өтті. Ғалым бүкіл саналы ғұмырын Екінші дүниежүзілік соғысты зерттеуге арнап, артына 20-ға жуық монография қалдырған. Осы еңбектер форумның басты тақырыбына айналды. Шараға еліміздің жетекші профессорлары мен қала студенттері қатысты, деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі.

Кездесу ашық диалог форматында өтті. Жастар қазақстандық жауынгерлердің ерліктері туралы тыңдап, соңында өздерін қызықтырған сұрақтарын қойды.

«Ұлы Отан соғысын зерттеген, атқарылған жұмыстарды саралап, халыққа майдандағы ерліктерді жеткізген ғалымдардың ішінде Тілеу Күлбаевтың орны ерекше. Сондықтан оның еңбектері туралы айтып, жас ұрпаққа үлгі ету маңызды», — деді профессор Досалы Салкынбек.

Дереккөз: Almaty.tv