
Оқушылардың қауіпсіздігі басты назарда қалып отыр. Алматыда оқу жылының аяқталуына орай мектептердегі профилактикалық шаралар талқыланды, деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі.
Мәселелерді Білім басқармасының кеңесінде қала әкімінің орынбасары Әбзал Нүкеновтің қатысуымен егжей-тегжейлі қарастырды. Назарда – құқық бұзушылықтардың алдын алу, санитарлық талаптарды сақтау және қаржылық тәртіпті бақылау. Кездесуге қатысушылар балалардың жазғы демалысын ұйымдастыруға ерекше тоқталды.
«Алқа мәжілісінің шешімі бойынша, бүгін қаралған мәселелер бойынша нақты тапсырмалар берілді. Атап айтқанда, балалар арасындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу, қаржылық тәртіпті сақтау және санитарлық талаптарды орындау бойынша. Осы бағыттар бойынша тиісті қаулы қабылданады», — деді Білім басқармасының ГНМЦНТО директорының орынбасары Сәндуғаш Әтейбек.
Кеңес қатысушылары үшін оқушылардың жетістіктері көрмесі де ұйымдастырылды. Онда әртүрлі сынып оқушылары өз жобаларын таныстырып, олардың практикалық қолданылуы туралы айтты.
Дереккөз: Almaty.tv