...
... Алматы
USD
EUR
RUB

Алматыда 9 Мамырға 15 ардагерге 5 млн теңгеден төленді: жалпы сома қанша?

Алматыда Ұлы Отан соғысының 15 ардагері Жеңіс күніне орай 5 млн теңге көлемінде біржолғы төлем алды. Бұл қаражат қалалық мәслихаттың 2023 жылғы 8 желтоқсандағы №73 шешімімен бекітілген ережеге сәйкес төленді, деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі.

Сонымен қатар, 1969 жылы наурызда Даманский аралы ауданында және 1969 жылы тамызда Жалаңашкөл көлінде болған ұрыс қимылдарына қатысқан 17 адамға 200 мың теңгеден материалдық көмек берілді. ҰОС ардагерлеріне теңестірілген 1353 адам, шет мемлекеттердегі ұрыс қимылдарының 2955 ардагері және соғыс жылдарындағы қажырлы еңбегі үшін орден-медальдармен марапатталған 4713 тыл еңбеккері 100 мың теңгеден алды.

ҰОС-ның қайтыс болған ардагерлерінің 191 жұбайына 50 мың теңгеден төлем жасалды.

Төлемдер Алматы қаласы мәслихатының 2023 жылғы 8 желтоқсандағы №73 шешімімен бекітілген азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек көрсету қағидаларына сәйкес жүргізілді, — деп түсіндірді ведомствода.

Бұған дейін «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ баспасөз қызметі ҰОС қатысушыларына жәрдемақы төлейтін үздік 5 өңірді атаған болатын.

Дереккөз: Zakon.kz