...
... Алматы
USD
EUR
RUB

Алматыда үйдің жертөлесінен сыра зауыты табылды: мыңдаған литр өнім тәркіленді

Алматы полициясы үйдің жертөлесінде заңсыз сыра өндірісін анықтады. Арнайы қайнату жабдығы орнатылып, дайын өнім, ыдыс және шикізат сақталған, деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі.

Қалалық Полиция департаментінің баспасөз қызметі 2026 жылғы 4 мамырда бұл факті бойынша тексеру жүргізіліп жатқанын хабарлады. Құқық қорғау органдары барлық мән-жайды анықтап, процессуалдық шешім қабылдайды.

Сәуір айының басында Семей қаласында да заңсыз алкоголь өндіретін жасырын цех ашылған еді. Ол жерден 12 мыңнан астам бөтелке өнім тәркіленген.

Дереккөз: Zakon.kz