...
... Алматы
USD
EUR
RUB

Алматы әуежайын нөсер су басып қалды: видео

Алматыдағы қатты нөсер салдарынан әуежай ғимаратының бір бөлігін су басты. Бұл рейстер кестесіне әсер еткен жоқ, деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі.

almatinec_live Instagram-парақшасында әуежай қызметкерлерінің судың зардабын жою үшін жұмыс істеп жатқаны көрсетілген видео жарияланды. Жарияланымда паспорттық бақылау аймағы су астында қалғаны айтылған.

“Әуежай жұмысы тоқтады: кіру және шығу жабылды, жолаушыларды кіргізбейді де шығармайды”, — делінген сипаттамада.

Әуежайдың баспасөз қызметі Т1 және Т2 терминалдарының жекелеген аймақтарында қатты жауын-шашын салдарынан шатырдан су аққанын растады.

“Зардаптар 30 минут ішінде жойылды және рейстердің орындалуына әсер етпеді. Қазіргі уақытта әуежай қалыпты режимде жұмыс істейді. Инфрақұрылымға тексеру жүргізіліп, себептері анықталып, болашақта мұндай жағдайлардың алдын алу шаралары қабылдануда”, — деп хабарлады әуежайдың Telegram-арнасы.

Дереккөз: Nur.kz