...
... Алматы
USD
EUR
RUB

Алматыда 2027 жылдан бастап көлік пен нысандарға жаңа талаптар енгізіледі

Алматыда атмосфералық ауаны қорғаудың жаңа қағидалары бойынша негізгі талаптар 2027 жылдың басынан күшіне енеді. Бұл туралы «Eco Almaty» ЖШС бас директорының орынбасары Айдана Кәсен Өңірлік коммуникациялар қызметіндегі брифингте мәлімдеді, деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі.

Құжат шығарындыларды азайтуға бағытталған кешенді шараларды қамтиды, оның ішінде автокөлікке, өнеркәсіп нысандарына және тұрмыстық ластау көздеріне қойылатын талаптарды қатаңдату көзделген.

Атап айтқанда, автокөлік үшін катализаторларды міндетті түрде пайдалану және шығарындылар нормаларын сақтау талап етіледі.

Үшінші санаттағы нысандар үшін сүзгілерді орнату, шаң басатын технологияларды енгізу, тұрақты зертханалық өлшемдер жүргізу және экологиялық таза отын түрлеріне көшу міндеттеледі.

Сондай-ақ қағидаларда қаланың газдандырылған аудандарында қатты және сұйық отынды пайдалануға тыйым салынған.

Жаңа талаптарды енгізу ауаның ластану деңгейін жүйелі түрде төмендетуге және барлық шығарынды көздерінің экологиялық жауапкершілігін арттыруға бағытталған.

Дереккөз: Almaty.tv