...
... Алматы
USD
EUR
RUB

Алматы облысындағы картон зауытындағы өрт 4 сағаттан кейін сөндірілді

Алматы облысы Қарасай ауданы Абай ауылындағы картон зауытының аумағындағы қойма ангарында болған өрт толығымен сөндірілді. Тілсіз жаумен күрес 4 сағаттан астам уақытқа созылды, деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі.

Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, алғашқы өрт сөндіру бөлімшелері келген кезде ашық жалын байқалған. Өрт тез таралып, күрделі формаға ие болған.

Оқиға орнында өрт сөндіру штабы құрылып, ТЖД күштері жоғары ранг бойынша жұмыс істеді. Суды үздіксіз беру ұйымдастырылып, бірнеше су оқпаны қолданылды.

Өрттің тез таралуына престелген картон қораптардың жоғары жану жүктемесі себеп болған. Жоғары температура әсерінен металл шатыр құлап, өрт сөндірушілердің ошақтарға жетуін қиындатқан.

«Зардап шеккендер жоқ. Қазіргі уақытта оқиға орнында Алматы облысы ТЖД сынақ өрт зертханасының мамандары мен тергеушілері жұмыс істеп, өрттің себебін анықтау шаралары жүргізілуде», — деп хабарлады ТЖМ.

Дереккөз: Nur.kz