
Қазақстан халқының бірлігі күніне орай Алматыда 1 мамырдан бастап қоғамдық көлік бағыттары уақытша өзгереді, деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі.
Шектеулер Мұқатай Беспақов көшесінің Жұмабаев көшесінен Павлодар көшесіне дейінгі учаскесін қамтиды. Өзгерістер № 13, 17, 56, 58, 80, 97, 120, 123 және 141 маршруттарына әсер етеді.
Солтүстік бағытта: Жұмабаев көшесі — Палладин көшесі — Павлодар көшесі — әрі қарай бұрынғы схемамен. Кері бағытта: Павлодар көшесі — Палладин көшесі — Жұмабаев көшесі — әрі қарай бұрынғы схемамен.
Сондай-ақ Жетісу облысында Алматы — Талдықорған трассасында қозғалыс схемасы уақытша өзгертілген. 28 сәуірден бастап Талдықорғаннан Алматыға баратын барлық көліктер Мұқыры ауылы арқылы 27 шақырымдық айналма жолмен жүргізіледі.
Дереккөз: Inform.kz