...
... Алматы
USD
EUR
RUB

Алматыдағы Ақжар шағын ауданында су 28 сәуірде өшіріледі: 9:00-ден 20:00-ге дейін

Алматыда 28 сәуірде Ақжар шағын ауданында суық сумен жабдықтауда қысқа мерзімді үзілістер болады. Шектеулер сағат 9:00-ден 20:00-ге дейін созылады, деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі.

«Алматы Су» МКК мәліметінше, уақытша шектеулер жаңа су құбырын пайдалануға беруге байланысты. Үзілістер Ақжар шағын ауданындағы тұрғын үйлер мен әкімшілік ғимараттарға әсер етеді.

Тұрғындарды уақытша қолайсыздықтарды түсіністікпен қабылдауға және қажетті су қорын алдын ала дайындауға шақырамыз, — делінген мекеме хабарламасында.

Дереккөз: Inalmaty.kz