
25 сәуірде Алматыдағы ең ірі көтерме сауда базары «Барыс-4»-те кезекті мониторинг жүргізілді, нәтижесінде делдалдар анықталды, деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі.
Алматы мемлекеттік кірістер департаменті өңірлік комиссия аясында кәсіпкерлік субъектілеріне қатысты хронометраждық зерттеулер жүргізіп жатыр. Сондай-ақ департамент кәсіпкерлер мен сауда базары әкімшілігіне сауда заңнамасының талаптарын түсіндіру бойынша кешенді жұмыс атқарды.
Мониторинг премьер-министр Олжас Бектеновтің тапсырмасын орындау мақсатында жүргізілуде. Негізгі мақсат – мемлекеттік бақылауды қамтамасыз ету, әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасының негізсіз өсуіне жол бермеу және өнімсіз делдалдарды алып тастау.
17 сәуір 2026 жылы Алматыда азық-түлік бағасын қатаң бақылау басталғаны хабарланған болатын.
Дереккөз: Zakon.kz