
27 сәуір 2026 жылы Instagram-дағы парақшалардың бірінде Алматыдағы Сайран көлінде балалардың лас суда шомылып жүргені көрсетілген видео жарияланды. Бейнежазбада жағада ересектердің де балалардың суда ойнауын сабырмен бақылап тұрғаны байқалады, деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі.
Видеоны @almatinec_live парақшасы жариялап, астына: «Сайранда лас суда балалар шомылып жүр», – деп жазды.
Бұл жағдай қазнет қолданушыларын дүр сілкіндірді. Олар Сайранда шомылуға тыйым салынғанын еске салды.
«Суық қой әлі», «Шомылуға тыйым салынған», «Жабайылар суға жетті» деген пікірлер қалдырды.
20 сәуір 2026 жылы Алматыда Сайран көлін сумен толтыра бастағаны хабарланған болатын. Сол кезде шомылуға тыйым салынатыны айтылған еді.
Дереккөз: Zakon.kz