
Әлеуметтік желіде Алматыдағы аялдамада белгісіз ер адамның 66 жастағы әйелді аяусыз ұрып-соққан видеосы тарады. Зейнеткердің қызы оқиғаны Threads парақшасында жариялап, көмек сұрады, деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі.
Оқиға 23 сәуір 2026 жылы Бостандық ауданындағы «Алматы» санаторийінің маңында болған. Қызының айтуынша, анасы аялдамада автобус күтіп тұрғанда, жас жігіт артынан келіп, айналада ешкім жоқ сәтті пайдаланып, оны ұрып-соққан.
«Қазір анам ауруханада. Жағдайы өте ауыр. Бұл видеоны көру қиын, бірақ оны көп адам білуі керек. Мен оны қаралым үшін емес, хабардар болу үшін жариялап отырмын», — деп жазды ол.
Алматы қалалық Полиция департаментінің хабарлауынша, Бостандық ауданы полиция басқармасы қылмыстық іс қозғап, күдіктіні «ізін суытпай» ұстаған. Ол уақытша ұстау изоляторына қамалған.
Қазіргі уақытта тергеу амалдары жүргізіліп, оқиғаның мән-жайы толық анықталуда. Полиция кез келген заңсыз әрекет, әсіресе зорлық-зомбылыққа байланысты істердің жауапсыз қалмайтынын ескертті.
Дереккөз: Nur.kz