...
... Алматы
USD
EUR
RUB

Алматыда Әл-Фараби даңғылындағы газ құбырын жаңарту басталды

Алматыда 23 сәуірден бастап Әл-Фараби даңғылы мен Мендіқұлов көшесінің қиылысында орта қысымды газ құбырын жоспарлы қайта жаңғырту жұмыстары басталды, деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі.

Жоба аясында көшенің астынан тесу технологиясын қолданып, жер асты өткелін салу және құбыр төсеу көзделген. Барлық жұмыс тротуар бөлігінде жүргізіліп, Әл-Фараби даңғылындағы көлік қозғалысына әсер етпейді. Жолды жабу жоспарланбаған.

— Барлық жұмыс тротуар бөлігінде ұйымдастырылған және Әл-Фараби даңғылы бойынша автокөлік қозғалысына әсер етпейді. Жолды жабу жоспарланбаған. Жұмыстарды сәуір айының соңына дейін аяқтау жоспарлануда, — деп хабарлады «QAZAQGAZ AIMAQ» АҚ Алматы өндірістік филиалы.

Мамандардың мәліметінше, жоба газбен жабдықтау жүйесінің сенімділігі мен тұрақтылығын арттыруға бағытталған. Қала тұрғындары мен қонақтарын жұмыс жүргізуге байланысты уақытша қолайсыздықтарды түсіністікпен қабылдауға шақырады.

Еске сала кетейік, Қазақстанда 2025 жылдан бастап бірыңғай ақпараттық жүйе аясында шикізаттық және тауарлық газды есепке алуды автоматтандыру жұмыстары жүргізілуде.

Дереккөз: Inform.kz