
Алматыда қоғамдық орында жүргізілген коммерциялық түсірілім полиция тексерісінен өтіп, роликтің қойылымдық сипатта болғаны анықталды. Алайда тәртіп сақшылары жекелеген қатысушылардың әрекеттерінен ҚР заңнамасында көзделген әкімшілік құқық бұзушылық белгілерін байқады, атап айтқанда, бетті тануға кедергі келтіретін киім үлгілерін қоғамдық орында киюге қатысты талаптар бұзылған, деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі.
Полиция қоғамдық орындарда болу мақсатына қарамастан, заң нормаларын сақтау міндетті екенін еске салды. Қазақстанда 2025 жылдың шілдесінен бастап бетті жауып, жеке басты анықтауды қиындататын киімдермен (никаб, бурка, балаклава, медициналық көрсетілімдерден басқа маскалар) қоғамдық орындарда жүруге ресми тыйым салынған. Бірінші рет бұзғанға ескерту, қайталанған жағдайда 10 АЕК көлемінде айыппұл қарастырылған.
ІІМ бұған дейін тыйымның ауа райы жағдайларына, медициналық көрсетілімдерге, заң талаптарын орындауға, қызметтік міндеттерге, азаматтық қорғау саласындағы қызметке, сондай-ақ спорттық және мәдени-бұқаралық іс-шараларға қатысушыларға қолданылмайтынын нақтылаған.
Дереккөз: Zakon.kz