...
... Алматы
USD
EUR
RUB

Алматы мен Астанада 24-26 сәуірде нөсер мен қатты жел күтіледі

Алматы мен Астанада 24-26 сәуір аралығында күшті жаңбыр, найзағай мен қатты жел күтіледі. Қала әкімдіктері коммуналдық қызметтерді жоғары дайындық режиміне ауыстырды, деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі.

Алматыда 24 сәуірде ауа райы айнымалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Желдің жылдамдығы секундына 9-14 метр. Түнде ауа температурасы +2+4°С, күндіз +20+22°С. 25 сәуірде күндізгі екінші жартысында жаңбыр, найзағай күтіледі. Желдің екпіні секундына 20 метрге жетеді. Түнде +8+10°С, күндіз +23+25°С. 26 сәуірде жаңбыр, найзағай, бұршақ және қатты жел болады. Желдің екпіні секундына 23-28 метр. Түнде +5+7°С, күндіз +13+15°С.

Астанада 24 сәуірде жаңбыр, найзағай, түнде кей жерлерде қатты жаңбыр күтіледі. Желдің екпіні секундына 15 метрге жетеді. Түнде +11+13°С, күндіз +19+21°С. 25 сәуірде жаңбыр, найзағай. Желдің екпіні секундына 12 метр. Түнде +10+12°С, күндіз +21+23°С. 26 сәуірде жаңбыр, найзағай, бұршақ және қатты жел. Желдің екпіні секундына 18 метрге дейін жетеді. Түнде +10+12°С, күндіз +24+26°С.

Шымкентте 24 сәуірде жауын-шашынсыз. Түнде +9+11°С, күндіз +25+27°С. 25 сәуірде де жауын-шашынсыз, жеңіл жел мүмкін. Түнде +11+13°С, күндіз +28+30°С. 26 сәуірде күндіз қысқа мерзімді жаңбыр, найзағай. Желдің екпіні секундына 15-20 метр. Түнде +14+16°С, күндіз +23+25°С.

Алматы әкімдігі тұрғындарды сақ болуға шақырып, коммуналдық қызметтердің жоғары дайындық режиміне көшірілгенін хабарлады.

Дереккөз: Zakon.kz