...
... Алматы
USD
EUR
RUB

«Алматы — қамалдар қаласы»: блогер таңғажайып сәулет өнерімен таң қалдырды

Алматыдағы ерекше сәулет нысандарын жинақтаған блогер Митя Байназаров өз подборкасын ұсынды. Ол Instagram-дағы профилін «Қазақстан бойынша инстагид» деп сипаттайды, деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі.

Блогердің айтуынша, Алматы — «қамалдар қаласы». Ол жинақтаған фотосуреттерде «Алматылық Хогвартс», «Құпия қамал», НЛО-сы бар үй, «Сыған баронының үйі», Көк-Төбеге қараған қамал, Ваня ағайдың қамалы, балалар қамалы, қорқыныш қамалы, отбасылық саябаққа кіреберіс және Капшағайдағы ақ қамал бейнеленген.

«Алматы – қамалдар қаласы!» – деп тосын мәлімдеме жасады Байназаров.

Қазнет қолданушылары блогерге подборкасы үшін алғыс айтып, барлық орындарды білмейтінін айтты. Бір оқырман «Мирас» шағын ауданында орналасқан жапон қамалын да қосу керектігін еске салды.

Дереккөз: Zakon.kz