...
... Алматы
USD
EUR
RUB

Алматы маңындағы мейрамханадағы кісі өлтіру: күдікті ұсталды

Алматы облысының Гүлдала ауылындағы мейрамханада 12 сәуірде болған оқиға бойынша полиция қылмыстық іс қозғады. Жедел-іздестіру шаралары нәтижесінде 20 жастағы күдікті ұсталып, қамауға алынды, деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі.

Бұзақылық ісі бойынша тағы үш адам ұсталып, уақытша ұстау изоляторына орналастырылды. Сот олардың екеуіне қатысты үй қамауын бұйырды. Кәмелетке толмаған күдіктіге қоғамнан оқшаулаумен байланысты емес шара қолданылды.

Оқиғаның барлық куәгерлері анықталып, тергеу аясында жауап алынды. Қазіргі уақытта оқиға мән-жайын толық әрі объективті анықтау үшін тергеу амалдары жалғасуда. Тергеу барысы Алматы облысы полиция департаменті басшылығының ерекше бақылауында.

Дереккөз: Inalmaty.kz