
Наурызбай ауданының прокуратурасы «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында профилактикалық іс-шаралар өткізуде. Іс-шаралар тұрақты негізде жүргізілуде, деп хабарлайды NUR.KZ, деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі.
Аудандық прокуратураның хабарлауынша, биылғы жылдың өткен кезеңінде ҚР ӘҚБтК-нің 505-бабы (елді мекендер мен қалалар аумақтарын абаттандыру қағидаларын бұзу – ред.) бойынша 1875 хаттама толтырылған. Ведомство қала тазалығы – әрбір азаматтың жауапкершілігі екенін еске салды.
Наурызбай ауданының прокуратурасы Алматы қаласының тұрғындары мен қонақтарын тазалық сақтауға, қоршаған ортаға ұқыпты қарауға, қоғамдық орындардың ластануына жол бермеуге және заңнама талаптарын сақтауға шақырды.
Дереккөз: Nur.kz