...
... Алматы
USD
EUR
RUB

Алматыда түнгі рейд: полиция «бөтелке мойны» әдісімен 70-тен астам бұзушылықты анықтады

Алматы полициясы түнде қаланың негізгі көлік дәліздерінің бірі – Абай даңғылында шығыс және батыс бағыттарында «бөтелке мойны» әдісімен сүзгі бекетін ұйымдастырды, деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі.

Полиция департаментінің баспасөз қызметінің мәліметінше, іс-шара барысында көлік құралдары тексерілді. Жұмысқа эвакуаторлар мен қызметтік иті бар кинологиялық бөлімшелер жұмылдырылды.

Бір түннің ішінде аталған учаскеде 70-тен астам әкімшілік құқық бұзушылықтың жолы кесілді.

Полиция қалада жол қауіпсіздігін бақылаудың жаңа форматы – «бөтелке мойны» қағидаты бойынша сүзгі бекеттерін енгізу туралы 2026 жылдың сәуірінде хабарлаған. Бұл әдіс көлік ағынын баяулатып, жүргізушілерді таңдамалы тексеруді қамтамасыз етеді.

Дереккөз: Zakon.kz