...
... Алматы
USD
EUR
RUB

Алматы тұрғындары сезген жер сілкінісінің мәліметтері жарияланды

ҚР ТЖМ Сейсмологиялық бақылау және зерттеу ұлттық ғылыми орталығының сейсмикалық станциялар желісі 4 маусым кешке жер сілкінісін тіркеді. Эпицентр ел аумағында, Алматыдан 316 шақырым қашықтықта орналасқан. Сейсмологтардың мәліметінше, жер асты дүмпулерінің ошағы Қазақстан аумағында Алматыдан солтүстік-шығысқа қарай 316 шақырым жерде болған. Эпицентрдің координаттары: солтүстік ендік 44,547 градус, шығыс бойлық 80,405 градус. Жер сілкінісінің ошағы 30 шақырым тереңдікте жатыр. Қазіргі уақытта қирағандар мен зардап шеккендер туралы мәлімет түскен жоқ, деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі.

MSK-64 шкаласы бойынша сезімталдық туралы мәліметтер: Алматы қаласы – 2 балл, Жетісу облысы Панфилов ауданы Жаркент қаласы – 4 балл, Жетісу облысы Сарқан ауданы Сарқан қаласы – 3 балл, Жетісу облысы Ақсу ауданы Жансүгіров ауылы – 3 балл, Жетісу облысы Текелі қаласы – 3 балл, Алматы облысы Ұйғыр ауданы Шонжы ауылы – 3 балл, Алматы облысы Ұйғыр ауданы Қырғызсай ауылы – 3 балл, Жетісу облысы Ескелді ауданы Қарабұлақ кенті – 3 балл, Жетісу облысы Талдықорған қаласы – 2 балл, Жетісу облысы Көксу ауданы Балпық би ауылы – 2 балл, Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы Көкпек ауылы – 2 балл, Жетісу облысы Алакөл ауданы Үшарал қаласы – 2 балл, Жетісу облысы Кербұлақ ауданы Сарыөзек ауылы – 2 балл, Алматы облысы Кеген ауданы Кеген ауылы – 2 балл, Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы Шелек ауылы – 2 балл, Алматы облысы Райымбек ауданы Нарынқол ауылы – 2 балл, Жетісу облысы Қаратал ауданы Үштөбе қаласы – 2 балл, Алматы облысы Кеген ауданы Жалағаш ауылы – 2 балл, Алматы облысы Кеген ауданы Саты ауылы – 2 балл, Алматы облысы Ұйғыр ауданы Ж. Қайыпова ауылы – 2 балл, Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы Маловодное ауылы – 2 балл, Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы Түрген ауылы – 2 балл, Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы Есік қаласы – 2 балл, Алматы облысы Қонаев қаласы – 2 балл, Абай облысы Мақаншы ауданы Мақаншы ауылы – 2 балл, Алматы облысы Алатау (Жетіген) қаласы – 2 балл, Алматы облысы Талғар ауданы Талғар қаласы – 2 балл, Абай облысы Үржар ауданы Үржар ауылы – 2 балл, Алматы облысы Іле ауданы Өтеген батыр ауылы – 2 балл, Алматы облысы Іле ауданы Боралдай ауылы – 2 балл.

Дереккөз: Inalmaty.kz