
Алматы тау бөктеріндегі трассада Haval M6 кроссовері өзенге құлай жаздап, бес адам түрлі жарақат алды, деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі.
Куәгерлердің айтуынша, көлік оңтүстік бағытта шатқалға қарай көтеріліп келе жатқан. Экологиялық бекет пен өзен үстіндегі көпірдің алдындағы ұзын бұрылыста жүргізуші рульді басқара алмай қалған. Оқиғаның себебі әлі анықталуда.
Сарапшылардың болжамынша, қауіпті жол учаскесінде жылдамдық режимінің сақталмауы апатқа себеп болуы мүмкін.
Кроссовер металл қоршауға соғылған. Куәгерлердің айтуынша, қоршау көліктің өзен арнасына құлап кетуіне жол бермеген: соққының күші сондай, басқарылмайтын көлік бағананы құлатып, тасты беткейге аударылуы мүмкін еді.
Қатты соққыдан кейін Haval жолдың жүру бөлігіне қайта лақтырылған. Зақымдалған кроссовер жолдың екі бағытын да толығымен жауып тастаған.
Жол-көлік оқиғасы салдарынан көлік ішінде болған бес адам түрлі жарақат алды. Оқиға орнына келген жедел жәрдем бригадалары барлық зардап шеккендерді ауруханаға жеткізді.
Қазір апат орнында жол-патрульдік полиция қызметкерлері жұмыс істеп жатыр. Тәртіп сақшылары жабылған жол учаскесінде қозғалысты реттеп, ЖКО схемасын рәсімдеп, оқиғаның мән-жайын анықтауда.
Бұған дейін Жамбыл облысындағы Қордай асуында екі көліктің соқтығысуынан бір адам қаза тапқаны хабарланған болатын.
Дереккөз: Zakon.kz