...
... Алматы
USD
EUR
RUB

Алматыда жер астынан су атқылады: себебі анықталды

Алматыдағы Тимирязев көшесінде жер астынан су атқылап, бұл жасыл желектерді автоматты суару желісінің зақымдануынан болды, деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі.

Қала әкімдігінің мәліметінше, оқиға электр желілерін 6 кВ кернеуден 10 кВ-қа ауыстыру жобасы аясында жер қазу жұмыстары кезінде орын алған.

Жұмыстарды «Алатау Жарық Компаниясы» АҚ тапсырысы бойынша «SARYARQA-MS» ЖШС мердігер ұйымы жүргізеді. Жоба ПС-6А және ПС-3А (ПС-168А) қосалқы станцияларындағы желілерді жаңғыртуды көздейді.

Тимирязев пен Манас көшелерінің қиылысында жер қазу жұмыстары кезінде жасыл желектерді автоматты суару желісі зақымданып, судың ағуы байқалды. Зақым анықталған соң мердігер ұйым оны жою және автополив жүйесінің жұмысын қалпына келтіру шараларын қабылдады, — деп атап өтті әкімдік.

Бұған дейін Қостанайдағы Чкалов көшесінде жер астынан судың қатты атқылауы болған. Коммуналдық қызметтер гидравликалық сынақтар кезінде магистральдық жылу желісінің зақымданғанын анықтаған.

Дереккөз: Inform.kz