...
... Алматы
USD
EUR
RUB

Алматыда түнгі клубтар жабылып жатыр: себебі неде?

Алматы полициясы түнгі ойын-сауық мекемелеріне рейд жүргізіп, кәмелетке толмағандардың түнгі уақытта заңсыз жүруі мен алкоголь ішу фактілерін анықтады, деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі.

2026 жылғы 2 маусымда Алматы қалалық Полиция департаментінің баспасөз қызметі профилактикалық іс-шаралар барысында кәмелетке толмағандардың түнгі ойын-сауық мекемелерінде болу фактілері, сондай-ақ олардың алкогольдік ішімдіктер ішу жағдайлары анықталғанын мәлімдеді.

Сонымен қатар, жасөспірімдердің заңды өкілдері бала тәрбиесі мен бақылау бойынша міндеттерін тиісінше орындамағаны үшін жауапкершілікке тартылды.

Полиция мұндай бұзушылықтар ерекше бақылауда екенін және оларды анықтау мен жолын кесу жұмыстары жалғасатынын атап өтті.

Бұл жекелеген фактілер емес. Мысалы, 28 мамырда дәл осындай себеппен бір түнгі клубтың жұмысы тоқтатылғаны хабарланған болатын. Ал сәуір айының басында Алматы полициясы жыл басынан бері 10 ойын-сауық мекемесінің жабылғанын мәлімдеген еді.

Дереккөз: Zakon.kz