
Алатау ауданындағы Теректі шағын ауданында Айнамалы көшесінің Марток көшесінен Орталық көшесіне дейінгі бөлігінде су құбыры мен кәріз желілерін тарту жұмыстары жүргізіліп жатыр, деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі.
Құрылыс-монтаж жұмыстарына байланысты 2026 жылғы 3 маусымнан 3 шілдеге дейін аталған учаскеде көлік қозғалысы уақытша шектеледі.
Жүргізушілер мен жаяу жүргіншілерден маршруттарын алдын ала жоспарлап, жол қозғалысын ұйымдастырудағы өзгерістерді ескеру сұралады.
Қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін уақытша жол белгілері, көрсеткіштер мен қоршаулар орнатылады.
Уақытша қолайсыздықтар үшін кешірім сұрап, түсіністік танытқандарыңызға рақмет.
Дереккөз: Almaty.tv