
Алматының шығыс бөлігінде Almaty Promenade жобасы іске асырылады. Медеу ауданындағы «Шығыс қақпа» полиорталығында орналасатын көпфункционалды кешен 30 гектарға жуық аумақты алып, 2026-2029 жылдарға жоспарланған, деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі.
Мұнда туризм, мәдениет, қонақ үй бизнесі және сауда нысандары бар заманауи қоғамдық-рекреациялық кеңістік құрылады. Кешеннің басты ерекшелігі — дамыған су инфрақұрылымы. Аумақта каналдар, жағалаулар, серуендеу маршруттары мен демалыс аймақтары пайда болады.
Жоба қонақ үйлер, коммерциялық нысандар, мәдени-ойын-сауық алаңдары, жасыл аймақтар мен жаяу жүргіншілер маршруттарын салуды көздейді. Бұл жеке инвестицияларды тартуға, жаңа жұмыс орындарын құруға және Алматының туризмі мен қала инфрақұрылымын дамытуға серпін береді.
Дереккөз: Inalmaty.kz