...
... Алматы
USD
EUR
RUB

Алматының екі ауданында су беру уақытша тоқтатылады: мекенжайлар мен күндер

1 маусым 2026 жылы «Алматы су» мемлекеттік кәсіпорны тұрғындарды алдағы екі күнде судың уақытша өшірілетіні туралы ескертті, деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі.

2 маусымда сағат 08:00-ден 20:00-ге дейін мына көшелермен шектелген аймақта су беру шектеледі: Абай даңғылы – Түрғыт Озал көшесі – Қарасай батыр көшесі – Сайран көлі.

4 маусымда сағат 08:00-ден 20:00-ге дейін су беру уақытша тоқтатылатын тағы бір аймақ: Райымбек даңғылы – Немирович-Данченко көшесі – Рысқұлов даңғылы – Крылов көшесі.

Қосымша ақпаратты 274-66-66 телефоны арқылы «Алматы су» мемлекеттік кәсіпорнынан алуға болады.

Сонымен қатар, Орбита-3 шағын ауданының аулаларында желілерді ауыстыру жұмыстары басталып, асфальт жабыны ашылды.

Дереккөз: Zakon.kz