...
... Алматы
USD
EUR
RUB

Алматыда 35 градус ыстықтан кейін найзағайлы жаңбыр күтіледі

Алматы тұрғындарын +35 градусқа дейін жететін ыстық күндер күтіп тұр, алайда 2 маусымда қалада қысқа мерзімді жаңбыр, найзағай және желдің күшеюі мүмкін, деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі.

Синоптиктердің мәліметінше, 31 мамырда Алматыда ауа райы айнымалы бұлтты, жауын-шашынсыз болады. Оңтүстік-батыстан соғатын желдің жылдамдығы секундына 3-8 метр, күндіз екпіні 13 метрге дейін жетуі мүмкін. Түнгі ауа температурасы +20…+22 градус, күндіз термометр бағандары +33…+35 градусқа көтеріледі.

2 маусымда қалада айнымалы бұлттылық сақталады. Күндізгі уақытта қысқа мерзімді жаңбыр мен найзағай болжанады. Жел бағыты батысқа ауысып, жылдамдығы секундына 3-8 метр, екпіні 15 метрге дейін жетеді. Түнде +21…+23 градус, күндіз ауа +30…+32 градусқа дейін жылиды.

3 маусымда да синоптиктер айнымалы бұлттылықты, күндіз қысқа мерзімді жаңбыр мен найзағайды болжайды. Солтүстік-батыстан соғатын желдің жылдамдығы секундына 3-8 метр, кей жерлерде екпіні 15-18 метрге жетуі мүмкін. Түнгі ауа температурасы +20…+22 градус, күндіз +28…+30 градус болады.

Дереккөз: Inalmaty.kz