
Алматы облысында 26 мамыр күні сағат 18:00 шамасында Алматы – Көкпек – Көктал автомобиль жолының 15-ші километрінде КАМАЗ жүк көлігі автобусқа соғылды, деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі.
Алматы облысы полиция департаментінің мәліметінше, SAZ маркалы автобустың жүргізушісі реттелетін қиылыста солға бұрылып жасап, қарсы бағытта келе жатқан КАМАЗ-ға жол бермеген. Әлеуметтік желілерде тараған кадрларда көп тонналы жүк көлігінің бұрылып жатқан автобусты соққаны көрінеді.
Полицейлер соқтығысуға жол берген автобус жүргізушісіне қатысты шара қолданып, оны әкімшілік жауапкершілікке тартты.
Дереккөз: Zakon.kz