Алматы – Хоргос тас жолында болған жол-көлік оқиғасында үш адам қаза тапты. Қайтыс болғандардың туысы Gulzzane Turdiyeva Threads әлеуметтік желісінде Haval көлігінің жүргізушісіне қатысты даулы мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі.
Turdiyevaның айтуынша, жол апатында оның әпкесі, әпкесінің күйеуі және олардың қызы қаза тапқан. Әпкесі мен күйеуі 40 жаста, ал қызы 20 жаста болған. Марқұмдардың 10 айлық баласы қалған.
Ол Haval жүргізушісінің әскери киім кигенін және мас болғанын айтты, бірақ бұл ақпаратты ресми растау жоқ.
Алматы облысы полиция департаменті бұл жол-көлік оқиғасына қатысты пікір білдіріп, кінәлі жүргізушінің қамауға алынғанын хабарлады. Алайда ведомство оның иығында погон бар-жоғы және мас күйінде болғаны туралы ақпаратты растамады.
Дереккөз: Zakon.kz