Алатау, Алматы әуежайы және Қонаев арасында аэротакси 2027 жылы іске қосылуы мүмкін. Вице-премьер Қанат Бозымбаев сынақтар 2026 жылы өтетінін хабарлады.
Қазақстанда алғаш рет жолаушыларға арналған электрлік тік ұшу-қону аппараты (eVTOL) сыналды. Бұл әуе таксиі Алматы, Қонаев, Алатау қалалары мен туристік аймақтарды байланыстырады.