
Қазақстанның оңтүстігінде Саратов-Алматы бағытында жүрген жолаушылар пойызының бір вагоны рельстен шығып кетті, деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі.
АҚ «Жолаушылар тасымалы» баспасөз қызметінің мәліметінше, бүгін, 16 маусымда, сағат 12:49-да Шиелі – Түркістан аралығында №7/8 Саратов-Алматы пойызының бір вагонының дөңгелек жұбы техникалық себептермен рельстен шығып кеткен.
«Жолаушыларға медициналық көмек ұсынылды, олар бас тартты. Зардаптарды жою және қозғалысты қалпына келтіру үшін оқиға орнына қалпына келтіру пойызы жедел жіберілді. Жолаушыларды тасымалдау үшін қосымша пойыз тағайындалды. Отырғызу және жөнелту жедел режимде ұйымдастырылды», – делінген хабарламада.
Ұлттық тасымалдаушы жолаушыларға келтірілген қолайсыздықтар үшін кешірім сұрады. Оқиға орнынан видео әлеуметтік желіде пайда болды.
Дереккөз: Nur.kz