Мединадан (Сауд Арабиясы) Алматыға ұшқан SCAT әуекомпаниясының ұшағы жолаушылардың бірінің денсаулығы нашарлап кеткен соң Оманға авариялық қону жасады, деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі.
Бұл ақпаратты әуе тасымалдаушының баспасөз қызметі растады.
Медина—Алматы рейсін орындау кезінде жолаушылардың бірінің денсаулығы нашарлады. Бортта оған қажетті көмек көрсетілді, алайда одан әрі медициналық сүйемелдеу үшін әуе кемесінің командирі Омандағы резервтік аэродромға қону туралы шешім қабылдады. Қонғаннан кейін жолаушы медициналық қызметке тапсырылды. Жолаушылардың қауіпсіздігі, өмірі мен денсаулығы әуекомпанияның сөзсіз басымдығы болып табылады, — деді SCAT әуекомпаниясының өкілі Виктория Старожилова ресми сұрауға жауап беруде.
Ұшақ Оман астанасы Маскатқа қонды. Жолаушыны дәрігерлерге тапсырды, содан кейін ол одан әрі емделу үшін елде қалды. Оның жағдайы туралы ақпарат жарияланбайды.
Қажетті көмек көрсетілгеннен кейін әуе кемесі қалған жолаушылармен бірге рейсін жалғастырып, Алматыға сәтті ұшып келді.
Еске салайық, бұған дейін SCAT әуекомпаниясының Алматы—Шымкент рейсін орындаған ұшағы қатты турбуленттілік пен ауа райының күрт нашарлауы салдарынан межелі пунктке қона алмай, Тараздағы резервтік аэродромға ұшып кеткен еді.
Дереккөз: Inform.kz
