
Алматыға кіреберістегі бекеттердің бірінде полиция қызметкерлері Mercedes Sprinter көлігін тоқтатты. Жүргізушінің мінез-құлқы күдікті болып көрінгендіктен, көлік тексеруден өткізілді, деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі.
Полиция департаментінің мәліметінше, көлік салонынан электронды никотин тұтыну жүйелері – вейптер табылып, тәркіленді. Бұл тауарлар елге әкелуге және сатуға тыйым салынған.
Жүргізушінің айтуынша, ол курьер ретінде жүк тасымалдаған. Бұл нұсқа тексерілуде. Оқиға бойынша сотқа дейінгі тексеру басталып, тиісті сараптамалар тағайындалды, барлық мән-жайлар анықталуда. Тыйым салынған өнімдердің заңсыз айналымы үшін қылмыстық жауапкершілік қарастырылған, — делінген ведомство хабарламасында.
Дереккөз: Nur.kz