
Алматыда 16 маусымнан бастап «Медеу» тау-спорт кешенінің жанындағы автотұрақ уақытша жабылады. Шектеулер желтоқсанға дейін созылып, құрылыс жұмыстарына байланысты енгізілді, деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі.
Қалалық әкімдіктің баспасөз қызметінің мәліметінше, шектеулер 16 маусымнан бастап күшіне еніп, биылғы желтоқсанға дейін жалғасады. Бұл шара спорт кешенін қайта жаңғырту жобасын іске асыру және құрылыс-монтаж жұмыстары кезінде қауіпсіздікті қамтамасыз ету қажеттілігіне байланысты.
Қала тұрғындары мен қонақтарын уақытша қолайсыздықтарды түсіністікпен қабылдап, кешенге барған кезде жүру бағыттарын алдын ала жоспарлауды сұрайды.
Дереккөз: Inalmaty.kz