...
... Алматы
USD
EUR
RUB

Қазақстанда мұғалімдердің аттестациясы жаңаша өтеді: санаттар бойынша талаптар жарияланды

Қазақстанда мұғалімдердің аттестациясының сынақ моделі енгізілуде. Бұл туралы Білім беру вице-министрі Шынар Ақпарова СҚК-да өткен брифингте хабарлады.

Оның айтуынша, бұл жаңа тәртіп мұғалімдердің артық жүктемесін азайтып, олардың негізгі қызметіне назар аударады. Біліктілік санаттары бойынша талаптар түбегейлі оңтайландырылады:

Мұғалім-модератор санаты үшін

Ашық сабақтар саны 25-тен 4-ке дейін азайтылады, біліктілікті арттыру көлемі 72 сағаттан 36 сағатқа дейін қысқарады. Сонымен қатар, жобаларға қатысу және тәрбие жұмысы енгізіледі.

Мұғалім-сарапшы санаты үшін

Ашық сабақтар саны азайтылып, аудандық немесе қалалық деңгейде тәжірибе тарату форматы енгізіледі.

Мұғалім-зерттеуші санаты үшін

6 ашық сабақ (үшеуі офлайн, үшеуі онлайн) енгізіледі, облыстық деңгейде тәжірибе тарату, екі мұғалімге әдістемелік қолдау көрсету және тәуекел тобымен жұмыс істеу талаптары қарастырылады.

Мұғалім-шебер санаты үшін

8 ашық сабақ (төртеуі офлайн, төртеуі онлайн) енгізіледі, республикалық деңгейде тәжірибе тарату, үш мұғалімге әдістемелік қолдау көрсету, сондай-ақ менторлық және еріктілік белсенділігі есепке алынады.

Білім беру министрі бұрын мұғалімдердің білімін бағалау тестінің, міндетті авторлық бағдарламаларды әзірлеу мен тапсырудың, сондай-ақ қағаз портфолио жинаудың жойылатынын хабарлаған болатын.