...
... Алматы
USD
EUR
RUB

Қарасай ауданында жол апатынан зардап шеккен жүргізушіні құтқарушылар босатып шығарды

Алматы облысы Қарасай ауданында құтқарушылар жол-көлік оқиғасынан кейін автокөлікте қысылып қалған жүргізушіге көмекке келді, деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі.

Облыстық ТЖД мәліметінше, жүк және жеңіл автокөліктердің қатысуымен болған апат туралы хабарлама 112 шұғыл қызмет пультіне түскен. Жол-көлік оқиғасы Шалқар ауылының маңында болды.

Оқиға орнына жедел жеткен құтқарушылар арнайы авариялық-құтқару жабдығының көмегімен зардап шеккен адамды зақымдалған автокөліктен босатып, жедел жәрдем бригадасына тапсырды.

ТЖД тұрғындарға төтенше жағдайлар туралы 112 нөміріне дереу хабарлау қажеттігін еске салды.

Дереккөз: Inalmaty.kz