...
... Алматы
USD
EUR
RUB

Доллар бағамы 465.5 теңгеге жетті: Алматыдағы жағдай

Алматыдағы айырбас пункттерінде АҚШ доллары 465.5 теңгеден сатылып жатыр. 4 мамырдағы кешкі сауда қорытындысы бойынша доллардың орташа өлшенген бағамы 464.60 теңге болды, бұл 1.51 теңгеге өскен, деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі Қазақстан қор биржасының (KASE) деректеріне сілтеме жасап.

Ұлттық банктің 4 мамырдағы ресми доллар бағамы 462.91 теңгені құрады. Ал kurs.kz мәліметінше, Алматы айырбас пункттерінде долларды сатып алу бағамы 464 теңге, ал сату бағамы 465.5 теңге болып отыр.

Дереккөз: Almaty.tv