
Алматы полициясы түнгі уақытта көшеде жүрген жасөспірімдерді анықтап, олардың ата-аналарына тікелей қоңырау шалады, деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі.
Рейд барысында полицейлер кешкі уақытта көшеде жүрген жасөспірімдерді анықтады. Оқиға орнында қызметкерлер тек профилактикалық әңгіме жүргізіп, әкімшілік жауапкершілікке тартумен шектелмеді – кәмелетке толмағандардың ата-аналарымен телефон арқылы байланысып, жағдайды түсіндіріп, балалардың қауіпсіздігі үшін жауапкершілікті еске салды.
Тәртіп сақшыларының айтуынша, мұндай жұмыс форматы балалардың түнде үйден тыс жерде болу фактілеріне жедел ден қоюға ғана емес, сонымен қатар ата-аналарды бақылау және тәрбие мәселелеріне тікелей тартуға мүмкіндік береді.
Бұған дейін Медеу ауданындағы рейдтер барысында мас күйінде жүрген кәмелетке толмаған бұзушылар анықталғаны хабарланған болатын.
Дереккөз: Zakon.kz