
Алатау және Әуезов аудандарында 38 жыл бұрын салынған жылу желілерін қайта жаңартуға байланысты көлік қозғалысы уақытша шектеледі, деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі.
Компанияда түсіндіргендей, Алматыда алдағы жылыту маусымына дайындық аясында инженерлік желілерді жоспарлы қайта жаңарту жүргізілуде. Осыған байланысты қаланың екі ауданында бірқатар көше учаскелерінде көлік қозғалысы уақытша шектеледі.
2026 жылдың 8 маусымынан бастап жылу желілерін қайта жаңарту кезінде келесі көше учаскелерінде көлік қозғалысы шектеледі:
«Уақытша шектеулер көрсетілген көше сегменттерінің жүргін бөлігінің астынан өтетін құбырларды қайта жаңарту бойынша жоспарлы жұмыстардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін енгізіледі», — деп түсіндірді компанияда.
Аталған нысандар бойынша биыл 1983 және 1988 жылдары пайдалануға берілген жалпы ұзындығы 700 метр жылу желілерін ауыстыру жоспарланған.
Бұл жұмыстарды орындау алдағы қысқы кезеңде төрт көппәтерлі тұрғын үй, екі жеке үй, бір балабақша және басқа да нысандардың тұрғындарын тұрақты жылумен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
«Сонымен қатар, қайта жаңарту жүргізу кезеңінде тұтынушыларға ыстық су беру сақталады. Уақытша қолайсыздықтарды түсіністікпен қабылдауларыңызды сұраймыз», — деп үндеді қала тұрғындарына АлТС.
Дереккөз: Nur.kz