Алматыдағы көпқабатты үйдің тұрғындары көршісінің пәтерінде 15 мысық ұстайтынына шағымданды. Қазіргі уақытта полиция жағдайды тергеп жатыр, деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі.
Алматы полиция департаментінің мәліметінше, Алмалы ауданының тұрғыны, демікпемен ауыратын әйел көмек сұрап жүгінген. Оның айтуынша, көрші пәтерде 15-тен астам мысық ұсталады, олардан шыққан өткір иіс әсіресе ыстық ауа райында күшейеді.
Тұрғындар терезелерін аша алмайтындарын, ал бөлмені өңдеуге қолданылатын заттар денсаулықтарын нашарлататынын айтады, — деп атап өтті ДП.
Оқиға орнына учаскелік полиция инспекторы келген, алайда пәтер иесі есік ашпаған. Енді жағдайды бейінді қызметтердің қатысуымен комиссия қарайды.
Мамандар санитарлық талаптардың сақталуына, жануарларды ұстау жағдайына баға беріп, қолданыстағы заңнама аясында шешім қабылдайды. Бас мақсат — жануарларды ұстауға тиісті жағдай жасау және үй тұрғындарының қауіпсіз әрі жайлы өмір сүру құқығын қорғау, — деп түйіндеді ДП.
Дереккөз: Nur.kz