Ақтөбе облысында күшті әсер ететін препараттарды заңсыз сатуға күдікті топ ұсталды. Олардың арасында Алматыдан келген фармацевт те бар, деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі.
Тәртіп сақшылары аймаққа ірі партиялармен күшті әсер ететін дәрі-дәрмектерді жеткізуді ұйымдастырған топтың әрекетін әшкереледі. Күдіктілердің қатарында Алматы қаласының фармацевті де бар.
