...
... Алматы
USD
EUR
RUB

Алматылық семсершілер Азия чемпионатында қола жүлдегер атанды

Almaty.news ақпарат агенттігі.

Ұлттық құраманың жетістігіне алматылық спортшылар Жанат Нәбиев пен Нұрмұхаммед Жайлыбай зор үлес қосты. Олар Артем Саркисян және Назарбай Саттарханмен бірге Қазақстан құрамасының сапында өнер көрсетті.

Жүлдеге жету жолында қазақстандық семсершілер Иран (45:33) және Өзбекстан (45:43) құрамаларын сенімді түрде жеңіп, жартылай финалға шықты. Финалға өту үшін болған кездесуде команда турнирдің басты фавориттерінің бірі — Оңтүстік Корея құрамасына 34:45 есебімен жол берді.

Үшінші орын үшін өткен сайыста қазақстандық спортшылар табандылық танытып, шиеленісті күресте Қытай командасын 45:44 есебімен жеңіп, Азия чемпионатының қола жүлдесін иеленді.

Семсерлесуден Азия чемпионаты 24 маусымда аяқталады.

Дереккөз: Almaty.tv